Көрші елдермен радиациялық жағдай жөнінде деректермен алмасудың тәртібі әзірленеді

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бұл келісімге 2023 жылғы 8 маусымда Сочи қаласында қол қойылған және радиациялық жағдайды мониторингтеу деректерін алмасу, талдау және болжау арқылы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

— Келісім ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің аумақтарындағы радиациялық жағдайдың жай-күйі және оның өзгеруі туралы деректер мен ақпаратты ұсыну және алу жөніндегі құқықтық қатынастарды реттейді, — деді депутат Арман Өтеғұлов Сенаттың жалпы отырысында.

Ақпараттық өзара іс-қимыл және деректер алмасу аясында тараптардың уәкілетті органдары мыналарды қамтамасыз етеді:

— мониторинг деректерімен тұрақты түрде алмасуын;

— берілетін ақпараттың дәйектілігін;

— қандай да бір күтпеген жағдайлар туындаған кезде ақпаратты беру мүмкін еместігі туралы уақытылы хабарлауды;

— алынған ақпаратты тек осы келісім аясында пайдалануды.

— Әрбір мемлекет деректер алмасуға арналған техникалық және бағдарламалық құралдармен пайдалануды өз бетінше қамтамасыз етеді, сондай-ақ оларды рұқсатсыз қол жеткізуден немесе ақпараттың таралуынан қорғау шараларын көздейді. Одан бөлек, деректер алмасудың бірыңғай тәртібі әзірленеді, ол ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясымен бекітіледі. Бірыңғай тәртіпке радиациялық жағдай параметрлері туралы берілетін ақпараттың тізбесі, форматтары, архивтеу мерзімдері мен регламенті, сондай-ақ келісімге қатысушы уәкілетті органдардың байланыс деректері енгізіледі. Бұл келісім тек радиациялық жағдайды мониторингтеудің мемлекеттік жүйесінің деректеріне ғана қолданылады және атом энергиясын пайдалану объектілерінің радиациялық мониторинг деректеріне қолданылмайтынын атап өткен жөн. Жалпы алғанда, Келісімді іске асыру мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық әрі құқықтық салдарға әкеп соқпайды, — деді сенатор.

Еске салсақ, 2025 жылғы 16–18 желтоқсан аралығында Ташкент қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі комиссиясының 26-отырысы өтті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью