Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АСТАНА, 9 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль мемлекетінің сыртқы істер министрі Гидеон Саармен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Тараптар Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуалды талқылап, екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін қарастырды.
"Сұхбат барысында Ермек Көшербаев израильдік әріптесіне Израильде жүрген Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға жәрдем көрсету туралы өтініш білдіріп, бұл мәселе еліміз үшін басым міндеттердің бірі екенін атап өтті", - деп жазылған хабарламада.
Ал Саар Израиль тарапы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау мәселесін шешуге бар күш-жігерін салып, бұл мәселені өзінің жеке бақылауына алатынын жеткізді.