Көшербаев Таяу Шығыстағы жағдайға алаңдаушылық білдірді

08.03.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АСТАНА, 8 наурыз – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Кувейт мемлекетінің сыртқы істер министрі шейх Жаррах Жабер әл-Ахмад Ас-Сабахпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сұхбат барысында тараптар аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, оның ішінде Таяу Шығыстағы жағдай жөнінде пікір алмасты.

"Ермек Көшербаев өңірдегі қауіпті әскери эскалацияға байланысты алаңдаушылық білдіріп, Қазақстанның ұстанымын жеткізді және қақтығысты халықаралық құқық қағидаттарына сай дипломатиялық жолмен реттеудің маңыздылығын атап өтті", - деп жазылған Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Сұхбат нәтижесінде саяси ведомстволар басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, сондай-ақ халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды жалғастыруға бейілділігін растады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью