Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 25 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Украинаның Қазақстандағы елшісі Виктор Майконы қабылдады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
"Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, өзара қызығушылық тудыратын бірқатар халықаралық және өңірлік тақырып бойынша пікір алмасты", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу қорытындысы бойынша Астана мен Киев арасында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы сындарлы диалогты тереңдетуге дайындық расталды.