Көшірмедей . Еңбек министрлігі мүгедектікті белгілеу кезіндегі заң бұзушылықтар туралы айтты

05.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін анықтау және әлеуметтік төлемдер тағайындау кезінде бұрмалау белгілері бар 167 жағдайды анықтады, деп хабарлайды TengriHealth Еңбекминнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектікті белгілеу, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін анықтау және әлеуметтік төлемдер тағайындау кезінде бұрмалау белгілері бар 167 жағдайды анықтады, деп хабарлайды TengriHealth Еңбекминнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Не болды?

Еңбекмині Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті аумақтық департаменттермен бірлесіп, медициналық-әлеуметтік сараптамаға түсетін медициналық құжаттарды тексерді.

Мамандар жүйелі заңбұзушылықтарды анықтады. Кейбір жағдайларда дәрігерлер мазмұны қайталанатын үлгілік үзінді көшірмелерді пайдаланған.

Атап айтқанда, сарапшылар мыналарды анықтады:

әртүрлі пациенттерге арналған құжаттардың "көшірме" секілді бірдей мәтінмен ресімделуі; талдау нәтижелерінің, анамнез бен мамандар қорытындыларының толық сәйкес келуі - оларда тек пациенттердің жеке деректері мен тексеру күндері өзгеше болған. Кімдерге әлеуметтік төлемдер тоқтатылды?

Анықталған жағдайлар бойынша тиісті шаралар қабылдана бастады. Аумақтық департаменттерге бақылау куәландыруын өткізу туралы тапсырма жіберілді - бүгінде олардың 73-і өткізілді.

"Күдікті жағдайлар бойынша әлеуметтік төлемдер тоқтатылды. Егер забұзушылықтар расталса, мүгедектікті белгілеу туралы шешімдер қайта қаралады", - делінген хабарламада.

Барлық материал құқық қорғау органдарына берілді. Министрліктегілер деректерді талдауды және мүгедектікті заңсыз ресімдеудің жолын кесуді жалғастыратынын атап өтті - бұл жұмыс тұрақты бақылауда.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

төлем

заңбұзушылық

мүгедектер

тексеріс

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью