Көшпенділер ойындары: Қазақстан қоржынына үшінші алтын медаль түсті

02.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық спортшылар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тағы бір алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жамбы атудың қырғыз стилінен сынға түскен Абзал Тұлыбеков барлық қарсыласынан басым түсті.

Бұған дейін Нұрталап Керім (60 келі) және Сайлау Мұхаммеджан (70 келі) аударыспақтан финалдық жекпе-жекте жергілікті спортшыларды жеңіп, алтыннан алқа таққан болатын.

Ал Нұрсұлтан Есімбай (90 келі) таяқ тартудан (маст-рестлинг) қола жүлдені қанағат тұтты. Тағы бір қоланы алыштан Нұрсұлтан Қожагелдіұлы жеңіп алды.

Айта кетері, VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда өтіп жатыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью