Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Жиынға қатысушылар саланың қазіргі ахуалын, сондай-ақ алғашқы өзбек ғарышкерін дайындау жоспарларын талқылады.
Фото: Өзбеккосмос агенттігіАгенттік басшысының орынбасары Мухиддин Ибрагимов атап өткендей, космосқа аттанатын тұңғыш өзбекстандық жалпыұлттық іріктеу нәтижесінде таңдалады.
Фото: Өзбеккосмос агенттігі— Үміткерлер денсаулық жағдайы, білімі мен дайындығы барлық талапқа сай болуы керек. Бұл ретте, Халықаралық ғарыш станциясында жұмыс істеу үшін ол орыс және ағылшын, ал қытайлық станцияда болу үшін қытай және ағылшын тілдерін білуі керек, - деді ол.
Спикердің айтуынша, финалистер шетелде іріктеудің екінші кезеңінен өтеді. Кейін негізгі және қосалқы құрам жасақталады. Дайындық 10-12 ай бойы жүргізіледі.
— Таңдалатын станцияға байланысты оқу АҚШ, Жапония, Германияда немесе Қытайда өтуі мүмкін. Артынша олар карантинде болады, кейін 10-14 күнге ғарыш кеңістігіне шығады, — деді М.Ибрагимов.
Ғарышкер Жерге оралғаннан кейін оңалтудан өтеді.
Фото: Өзбеккосмос агенттігі—Біз Ғылым академиясымен бірлесіп, ғарышта жүргізілетін зерттеулердің жоспарын әзірлейміз. Ол климаттың өзгеруі және өсімдік генетикасы бағыттарын қамтиды, - деді Өзбеккосмос агенттігінің бөлім бастығы Хумоюн Рахмонов.
Еске салайық, бұған дейін космосқа аттанатын тұңғыш өзбек ғарышкері ашық конкурс нәтижесінде таңдалатынын жазып едік.
Қоса кетсек, биыл Өзбекстан мен Қытай ғарышқа Жерді қашықтықтан зондтайтын спутник ұшыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, Өзбекстан 2028 жылы «Mirzo Ulug’bek» спутнигін ғарыш кеңістігіне шығарады.