Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Белгілі актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ол Олжастың екеуінің бірге түскен суреттерін көпшілікке жиі көрсеткенін қаламайтынын айтты.
Актрисаның айтуынша, Олжас көз тиюге сенеді және әлеуметтік желіге ортақ суреттерін жиі жарияламауды сұрайды. Жақында Дариғаның бетіне белгісіз бөртпе шыққан кезде де ол мұны суреттердің көп жариялануымен байланыстырған.
«Айтайын дегенім, Олжас "көп суреттерімізді сала берме, көз өтеді" дейді. Кеше бетіме үлкен бірдеңе шықты. "Айттым саған суреттер салма деп" дейді. Құрсын салынып жүрген суреттер емес пе? Сіздер қалай ойлайсыздар? Арасында ойланып қалады екенсің. Бір ойым енді сурет салып бөлісу керек-ау, тек жұмысты сала бермей деп отырмын», – деп жазды актриса.
Дариға Бадықова бұл мәселеге қатысты оқырмандарының пікірін сұрады. Ол жеке өмірінен де суреттер жариялап тұрғысы келетінін, бірақ Олжастың ескертуінен кейін ойланып қалғанын жасырмады.