​Көз шарасы мен жағы​ сынған: полицейге күш қолданғандар колонияға жіберілді

02.04.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Chat GPT жасаған сурет

Атырау облысында полиция қызметкеріне жасалған шабуыл ісі бойынша сот үкімі қайта қаралып, қылмыскерлер нақты бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Оқиға қоғамдық орында спирттік ішімдік ішіп, жанжал шығарған азаматтардың әрекетінен басталған. Құқық бұзушылықты тоқтату үшін келген полиция қызметкеріне олар бағынбай, ағаш зат пен тастарды қолданып күш көрсеткен. Нәтижесінде тәртіп сақшысы ауыр жарақат алып, көз шарасы мен жағы сынған.

Алғашқы сот шешімі бойынша қылмыскерлерге бостандығын шектеу жазасы тағайындалған еді. Алайда Бас прокуратура бұл жазаны қылмыстың ауырлығына сәйкес емес деп тауып, кассациялық наразылық енгізді. Соның нәтижесінде сотталғандардың жазасы нақты бас бостандығынан айыруға өзгертілді.

Бұл шешім құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қол сұғу әрекеттері үшін жазаның бұлтартпастығын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Бүгін, 12:06

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью