Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматы қаласында «STOP бұзушылық» ауқымды жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолдарда жасырын патрульдеу форматы енгізілген болатын. Осы жүйе қоғамда қызу талқыланып жатыр. Бірі мұны жолдағы тәртіпті күшейтудің тиімді тәсілі десе, енді бірі жүргізушілерге бақылаудың артуы ретінде қабылдайды. Осыған байланысты Egemen.kz редакциясы Ішкі істер министрлігіне ресми сауал жолдап, жаңа жүйенің мақсаты мен тиімділігін зерделеп көрді.
Фото: freepik.com
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Алматы қаласында жасырын патрульдеу жүйесін енгізудегі басты мақсат – жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейтіп, қоғамдық тәртіпті бақылаудың тиімділігін арттыру. Бұл тәсіл әсіресе көзге бірден байқала бермейтін қауіпті құқықбұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
«Жасырын патрульдеу агрессивті жүргізуді азайтуға, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, қауіпті маневрлер мен жылдамдықты шамадан тыс асыру фактілерін анықтауға мүмкіндік береді. Жүйенің негізгі ерекшелігі – жүргізушілердің шынайы мінез-құлқын бақылау», деп түсіндірді министрлік.
Министрлік өкілдерінің сөзінше, ашық патрульдік көліктерді көрген жүргізушілер уақытша тәртіп сақтауға тырысқанымен, жасырын бақылау кезінде олардың күнделікті жүргізу мәдениеті нақты көрінеді.
Бақылау ма әлде қысым ба?Қоғамда жаңа жүйеге қатысты күмән де жоқ емес. Әсіресе жүргізушілер арасында «жасырын патруль қысым көрсету құралына айналмай ма?» деген пікір жиі айтылады.
Алайда министрлік мұндай пікірмен келіспейді.
«Жасырын патруль жүргізушілердің құқықтарын шектеуге емес, құқықбұзушылықтарды объективті тіркеуге бағытталған бақылау механизмі. Барлық құқықбұзушылық бейнетіркеу құрылғылары арқылы жазылады. Видеода уақыт, орын, көлік нөмірі және құқықбұзушылық анық көрінуі тиіс», делінген министрліктің жауабында.
Сондай-ақ құқықбұзушылықты тіркеу кезінде рәсімдік талаптардың толық сақталатыны айтылды. Егер бейнежазба сапасыз болып, көлік нөмірі анық көрінбесе, оның заңдық күші болмайды.
Министрлік жүргізушіге бейнедәлелдерді көрсету әкімшілік процестің міндетті бөлігі екенін атап өтті. Бұл азаматтың өз құқығын қорғауына мүмкіндік береді.
Деректер қалай қорғалады?Жасырын патруль жүйесінде жиналатын бейнематериалдар мен азаматтардың жеке деректері арнайы қорғауда болады.
«Азаматтардың жеке деректері заңнамалық, техникалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені арқылы қорғалады», деп мәлімдеді ІІМ.
Ведомствоның хабарлауынша, жүйені енгізу туралы шешім жол-көлік оқиғаларының статистикалық талдауы, пилоттық жобалардың нәтижелері және қауіп-қатерді бағалау зерттеулерінің негізінде қабылданған.
Жүйе басқа өңірлерге де енгізіле ме?Министрлік алдағы уақытта жасырын патрульдеу тәжірибесін еліміздің барлық облыстары мен қалаларында кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді.
Сонымен қатар қоғам тарапынан туындаған наразылықтар мен сын-пікірлерді азайту үшін әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатқаны айтылды.
ІІМ мәліметінше, жүйенің тиімділігі тек айыппұл санының артуымен емес, ауыр жол апаттарына әкелетін құқықбұзушылықтардың азаюымен бағаланбақ.
Тұрғындар не дейді?Алматылық жүргізуші Нұржан Әбілов жасырын патрульдеу жүйесін қолдайтынын айтады.
«Кей жүргізушілер полицияны көрмесе, ережені өрескел бұзады. Әсіресе автобус жолағына шығып кету, қауіпті маневр жасау жиілеп кетті. Егер жасырын бақылау тәртіпті күшейтсе, оның пайдасы бар деп ойлаймын», дейді ол.
Ал қала тұрғыны Айдана Серікқызы керісінше, жүйенің ашықтығына қатысты күмән барын жасырмайды.
«Жүргізуші әрдайым бақылауда жүргендей сезінеді. Мұндай жүйе енгізілсе, оның жұмысы барынша ашық әрі түсінікті болуы керек. Әйтпесе қоғамда сенім азаяды», дейді тұрғын.
Қалай болғанда да, жасырын патрульдеу жүйесі қоғамда екіұшты пікір қалыптастырды. Бір тарап оны жол қауіпсіздігін арттырудың тиімді құралы деп есептесе, екінші тарап азаматтардың құқығы мен ашықтық мәселесіне алаңдайды. Ал жүйенің нақты нәтижесі уақыт өте жол-көлік оқиғалары статистикасынан көрінбек.
Соңғы жаңалықтар
Астанада 19 жастағы бойжеткен жаңа туған сәбиін сатып жіберген
Қоғам • Бүгін, 15:52
Еуропаға кіру тәртібі өзгерді: Қазақстан азаматтары нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 15:45
Қазақстан мен Кения Бірлескен мәлімдеме қабылдады
Қазақстан • Бүгін, 15:34
Маусым айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 15:26
Көкшетауда кішкентай баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:15
Бестөбедегі шахтада тау жынысы опырылып, екі азамат қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:09
«Қыз Жібек» фильміндегі камзол кімге бұйырмақ? Мәдениет министрлігі мәлімдеме жасады
Мәдениет • Бүгін, 14:59
Мемлекет басшысы Кения Президентін І дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 14:49
«Даңғойлық жәрмеңкесіне айналды»: Депутат мектеп бітіру кештеріне қыруар қаржы жинау туралы
Қоғам • Бүгін, 14:36
Талғарда алаяқтар Джеки Чанның бейнесін пайдаланып зейнеткерді алдауға тырысқан
Қоғам • Бүгін, 14:17
Қазақстан мен Кения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:00
Бразилияда дәрігерлер «өлді» деп мәйітханаға жіберген қария жерлеу бюросында есін жиды
Әлем • Бүгін, 13:54
Көкшетау орталығындағы қираған мүсіндердің күйі тұрғындарды шошытты
Қоғам • Бүгін, 13:35
Мемлекет басшысы Кения Президентімен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 13:10
Қоғам • Бүгін, 13:07