Көзге көрінбейтін қауіп : Қытайдан келе жатқан 40 тоннаға жуық өнім өтпей қалды

11.06.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Нұр Жолы» фитосанитариялық бақылау бекетінде АӨК-тегі Мемлекеттік инспекция комитетінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қытай Халық Республикасынан еліміздің аумағына ірі көлемдегі карантиндік өнімдерді кіргізу әрекетінің жолын кесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Мұқият тексеру мен зертханалық сараптама барысында жалпы салмағы 39,52 тоннаны құрайтын екі бірдей жүк легінен қауіпті зиянкестер анықталды.

Атап айтқанда, салмағы 19 тонна шабдалы партиясынан карантиндік нысан шығыс жеміс жемірі табылды. Ал салмағы 20 тонна сәбіз партиясынан алтын түсті картоп нематодасы анықталды. Өсімдіктер карантині саласындағы халықаралық және ұлттық заңнама талаптарына сәйкес, залалданған өнімдердің барлығы жедел кері қайтарылды(ҚХР). Жүктің иелеріне қатысты әкімшілік іс қозғалды.

Аталған карантиндік нысандар ел аумағына кірген жағдайда азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп, отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдерін шығындауы мүмкін.

Экологиялық және азық-түлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік шекара мен фитосанитариялық бақылау бекеттеріндегі бақылау күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью