Көзіме жас келеді мөлтілдеген : Бағдат Әшімова марқұм Асанәлі Әшімовті еске алды (ФОТО)

03.02.2026

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанның Халық әртісі, аңыз тұлға Асанәлі Әшімовтің жары әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік жазба жариялап, өмірден өткен жарын еске алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ол жазбасында қырық күн өтсе де, көңілдегі мұңның сейілмегенін айтып, марқұмға деген сағынышы мен қайғысын поэтикалық жолдар арқылы жеткізді. Сондай-ақ Алладан жарының жаны жәннатта болуын тілеп, жатқан жерінің нұрлы болуын сұрады.

"Жан бөлек. Жан бөлек! Аскенсіз өткен қырық күн, қырық түн. Алладан сұрарым – пейіштің төрінен орын бер, жатқан жерін нұрлы ете гөр.

Қаратқан келбетіне әз ғаламды,
Батырым айбалталы бөзге оранды.
Қырық күн құлағалы құлагерім,
Уақыт, емші екенсің, жаз, жарамды.
Қайтейін хәл-күйімді серпілмеген,
Көзіме жас келеді мөлтілдеген.
Жаныма түскен қайғы жазылмастай,
Алысқан адамдаймын дертімменен", – деп жазды ол.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью