Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау тоқтатылғаннан кейін теңге бағамы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Қазақстан мұнайының басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы арқылы тасымалданады. Ал соңғы шабуылдардан кейін мұнайды танкерлерге тиеу жұмыстарын уақытша тоқтатуға шешім қабылданған болатын.
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, қазіргі жағдай теңге бағамына қатты әсер етпейді.
"Біздіңше, теңге бағамы қатты құбылмайды. Бізде оған қарсы әрекет ету шараларының біртұтас кешені бар. Алтын-валюта қорымыз бар, тағысын тағы. Сондықтан нарықтық емес құбылу кезінде біз теңге бағамын тұрақты деңгейде ұстай аламыз", - деді Сүлейменов брифингте.
Айта кетері, бүгін ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетуге шешім қабылдады.