КҚК ның зақымдануы: АҚШ Украинаға ресми ескерту жасады

25.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Бұл туралы Украинаның АҚШ-тағы елшісі Ольга Стефанишина брифингте мәлімдеді. Оның айтуынша, Украина жағы АҚШ Мемлекеттік департаментінен ресми дипломатиялық хабарлама алды.

— Украинаның Новороссийскіге шабуылдары Қазақстан арқылы жүзеге асырылып жатқан америкалық инвестицияларға әсер еткенін естідік. Мемлекеттік департамент бізге америкалық мүдделерге қарсы әрекеттер мен шабуылдардан бас тарту жөнінде уәжін айтты, — деді ол.

Ольга Стефанишина кездесу барысында Қазақстандағы АҚШ-тың жобаларына қатысты мәселе қаралғанын атап өтті.

Айта кетейік, АҚШ-тың энергетикалық Chevron компаниясы 15% үлеспен консорциумның акционері құрамында.

— Бұл жағдайда америкалық экономикалық мүдделерге қауіп төнгені атап өтілді. Сондықтан оны біз назарға алдық, — деді дипломат.

Жалпы, Каспий құбыр консорциумы желісі арқылы Қазақстанның ірі кен орындарынан мұнай экспортталады.

Еске салсақ, былтыр қараша айында Ресейдің Новороссийск маңындағы Каспий құбыр консорциумының (КҚК) теңіз терминалына экипажсыз қайықтармен жасалған шабуыл салдарынан ВПУ-2 жүк тиеу-қабылдау құрылғысы зақымданды

Желтоқсан айында Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) инфрақұрылымына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың экспорттық бағыттарын қайта қарауға кірісті

Аружан Жәнәділ 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью