Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан мұнайының экспортына кедергі келтірмес үшін АҚШ пен өзге де серіктестер Украинаға ықпал етуі керек.
— Сол консорциумның ірі акционерінің бірі — Chevron. Қазіргі кезде Украина АҚШ-тың және Еуропаның қолдауына тәуелді екенін білеміз. Осыны ескерсек, Chevron өте белсенді компания және оның мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан Chevron-ның мүмкіндігін пайдалану керек, яғни өз үкіметтері арқылы Украинамен байланысқа шығып, Каспий құбыр консорциумының мекемелері мен мүлкіне шабуыл жасамауды айту керек, — деді А. Сарым Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Еске салсақ, жақында ҚазМұнайГаз КҚК терминалындағы танкерге жасалған шабуылға қатысты пікір білдірген болатын.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2026 жылғы 13 қаңтарда Қара теңіз акваториясында, Каспий құбыр консорциумы теңіз терминалы маңында Қазақстанның экспорттық мұнайын тасымалдауға қатысқан екі кемеде тіркелген келеңсіз оқиғалар туралы ақпаратты ресми түрде растады.