Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа қарағанда, аталған жағдай ұшұышсыз ұшатын аппараттар шабуылы салдарынан ВПУ-3 айлақ құрылғысының қызметін мәжүрлі тоқтатуына және Қара теңіз акваториясындағы қолайсыз метеорологиялық ахуалға (дауылды құбылыстар) байланысты болды.
Объективті факторлардың салаға әсерін барынша азайту және мұнай өндірудің тоқтап қалуына жол бермеу үшін ведомство экспорттық ағындарды жедел түрде қайта бөлу жөнінде тиісті шаралар қабылдады.
Мұнай көлемінің бір бөлігі баламалы тасымалдау бағыттарына қайта бағдарланды.
- Атап айтқанда, Атырау–Самара бағыты бойынша тасымалдау көлемінің өскені және Қытай Халық Республикасына жеткізілімдердің артқаны тіркелді. Қалған экспорттық бағыттар бойынша тасымалдау орташа жоспарлы көрсеткіштер деңгейінде сақталды. Жағдай уәкілетті органның тұрақты бақылауында, - делінген хабарламада.
Осыған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ Каспий құбыр консорциумының терминалындағы танкермен болған оқиғаға қатысты хабарлама таратқан болатын.
Кейінірек Энергетика министрлігі КҚК терминалындағы танкерге шабуыл туралы пікір білдірді.