​КҚК тоқтағаннан кейін Теңіз мұнайы Батуми арқылы тасымалдана бастады

31.07.2026

Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

«Теңізшевройл» Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай жөнелту тоқтатылғаннан кейін, үш айлық үзілістен соң грузиялық Батуми порты арқылы мұнай экспортын қайта жандандырды.

Бұл туралы Reuters агенттігіне екі дереккөз хабарлады.

Агенттік сұхбаттастарының бірінің айтуынша, Батуми бағытында шамамен 20 мың тонна Теңіз мұнайы жіберіліп те қойған. Шикізат теміржол арқылы тасымалданып, кейін танкерлерге тиеледі де, Қара теңіз арқылы Түркия тарапына жеткізіледі.

ТШО компанияның коммерциялық қызметінің егжей-тегжейіне қатысты пікір білдірмейтінін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, КТК 30 шілдеде танкерлерге жасалған дрон шабуылына байланысты Новороссийск маңындағы Южная Озереевка терминалында мұнай тиеуді тоқтатқан болатын. Бұл құбыр арқылы Қазақстан экспортайтын мұнайдың 80%-дан астамы, соның ішінде Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарының шикізаты тасымалданады.

КТК жұмысындағы іркіліс тәуекелдері ТШО-ны балама бағыттарды пайдалануға мәжбүр етуде. Олардың қатарында Баку — Тбилиси — Джейхан мұнай құбыры мен Батуми арқылы жеткізілімдер бар. 2026 жылдың мамырына дейін компания мұнайды «Дружба» құбыры арқылы Германияға да бағыттап келген еді.

Наурыз айында ТШО үш жылдық үзілістен кейін бұл бағытты қайта жаңғыртып, Батуми арқылы шамамен 97 мың тонна мұнай экспорттаған болатын.

Батуми мұнай терминалы «ҚазТрансОйл» компаниясына тиесілі. Оның қуаттылығы жылына 12 млн тонна мұнай мен мұнай өнімдерін құрайды.

Бүгін, 17:37

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью