Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 7 сәуір – Sputnik. Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы қазақстандықтарға әлеуметтік желіде банк кредитіне қатысты жалған ақпарат тарап жатқанын ескертті.
"Әлеуметтік желіде "кредит алу мүмкіндігі шектелетіні" туралы хабарламалар белсенді таралып жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды, өйткені несиелеу туралы шешімді банктер қарыз алушының төлем қабілеттілігін тексеріп барып қабылдайды", - деп хабарлайды орталық.
Ұлттық банктің мәліметіне сәйкес, қарыз жүктемесі коэффициентінің шекті мәні 0,5 болып белгіленген нормативтер қазір қолданыста. Бұл қарыз бен табыс коэффициенті қазір талдау сатысында екенін және бекітілген мәні жоқ екенін білдіреді, деп түсіндірді орталық мамандары.
Реттеудегі өзгерістер кезең-кезеңімен енгізіліп, ресми түсіндірме беріледі.
"Әлеуметтік желідегі жарияланымдар көбінесе жасанды дүрбелең тудыруға және күмәнді ақылы қызметтерді ұсынуға бағытталған", - делінген хабарламада.
Жалған ақпаратқа қарсы күрес орталығы қазақстандықтарды мұндай ақпаратқа иланбауға, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге шақырды.