Кредит алуға қатысты тағы бір шектеу күшіне енеді

15.04.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қазақстанда кредит алуға қатысты тағы бір шектеу күшіне енеді. Бұл туралы қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Биыл кредит алатын адамдарға қатысты тағы бір талап енгізіледі. Ол – жиынтық қарыз коэффиценті. Ұлттық банк осы коэффиценттің шекті мөлшерін бекітеді.

"Былайша айтқанда, кредит алатын адамның жиынтық қарыз мөлшері бекітіледі. Одан артық кредит берілмейді", - деді Әбілқасымова мәжілісте өткен брифингте.

Оның айтуынша, кредит алатын адамның жылдық табысына қарай ипотекалық, тұтынушылық және автокредиттің жиынтық қарыз коэффиценті болады.

Бұдан бөлек, қарыз жүктемесін есептеу үшін негізге алынатын табыстарға қатысты талап күшейтіледі. Себебі табысты растау кезінде ресми емес табыс көздері де есепке алынып жатады.

"Бәлкім, бұл норма келесі жылдың 1 қаңтарына дейін шегеріледі", - деп атап өтті агенттік басшысы.

Айта кетері, биыл 1 шілдеден бастап кредит беру тәртібі өзгереді. Бұдан былай тұрақты табысы жоқ адамдар кредит ала алмайды. Ол үшін банктер нақты бірнеше талапты сақтауға міндеттеледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью