Кредитті тексеріссіз есептен шығаруға болады агенттік басшысы тәртібін түсіндірді

15.04.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 15 сәуір – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова кредитті тексеріссіз есептен шығару тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қазіргі кезде төлем мерзімі өтіп кеткен кредитті есептен шығару үшін нақты екі талап бар. Біріншіден, борышкердің ай сайынғы табысы 2 ең төменгі жалақыдан (2026 жылда - 170 мың теңге) аспауы керек. Екінші талап – мүліктің болмауы.

"Ал кредит төлеу мерзімі 5 жылдан асып кетсе, онда ол екі талапқа сай болудың қажеті жоқ. Өтініш жазып, кредитті есептен шығаруға болады. Табыс пен мүлікке тексеріс те жасалмайды", - деді Әбілқасымова мәжілістегі брифингте.

Оның айтуынша, проактивті банкроттық норма да бар. Бұны қаржы министрлігі іске асыруы керек.

"Сонда банкроттыққа бере алатын адамдарға проактивті түрде SMS-хабарлама жіберіп, банкроттыққа өтініш жазуды ұсынуға болады. Себебі бүгінде ондай қызметке өтініш беріп жатқандар көп емес ", - деді агенттік басшысы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью