Кремль күтпеген мәлімдеме жасады: Путин Украинаға шабуылды тоқтатуға келісімін берді

30.01.2026

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Ресей билігі 1 ақпанға дейін Украина аумағына әскери соққы жасамауға уақытша келісім бергенін мәлімдеді. Бұл шешім АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке өтінішінен кейін қабылданған. Ақпаратты Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков растады, деп хабарлайды Arasha.kz.

Песковтің айтуынша, Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге келіссөздер үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында бір апта бойы, яғни 1 ақпанға дейін Киевке соққы жасамауды сұраған.

"Президент Трамп келіссөздерге мүмкіндік беру үшін Украинаға уақытша шабуыл жасамау жөнінде жеке өтініш білдірді. Ресей тарапы бұл ұсынысты ескерді", – деді Песков.

Сонымен қатар Кремль өкілі Владимир Путиннің Украина президенті Владимир Зеленскийді өзі кездесуге шақырмағанын атап өтті. Оның сөзінше, кездесуге бастаманы украин тарапы көтерген.

"Кездесуді Зеленскийдің өзі сұрады. Ал президент Путин бұл ұсынысқа: "Иә, біз дайынбыз, бірақ кездесу тек Мәскеуде өтуі керек", – деп жауап берді", – деп түсіндірді Дмитрий Песков.

Айта кетейік, бұл мәлімдеме халықаралық қауымдастықтың Украинадағы жағдайға қатысты дипломатиялық шешімдерге үміті артып тұрған тұста жарияланды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью