Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге заңсыз шығару фактілері азаймай отырғанын мәлімдеді.
Бұл туралы Президент Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында айтты. Президенттің айтуынша, әлеуметтік салаға бөлінген триллиондаған теңгені жымқыру деректері әлі де кездесіп отыр, бұл ел экономикасына елеулі зиян келтіруде.
«Қаржыны криптовалютаға айналдырып, шетелге шығару жағдайлары азаймай тұр. Мұндай заңсыздыққа міндетті түрде тосқауыл қою керек», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев көлеңкелі экономикамен үзілді-кесілді күресу қажеттігін атап өтіп, Қаржылық мониторинг агенттігінің басты міндеті – мемлекет қаржысының тек ел игілігіне жұмсалуын қадағалау екенін айтты.
Президент бұл міндеттің сапалы орындалуы Агенттік жұмысының тиімділігіне тікелей байланысты екенін жеткізді.