Криптовалютадан пайда таппақ болған азамат 1 млн теңгесінен айырылды | Qazaq24.com
Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Мұғалжар ауданының 41 жастағы тұрғыны онлайн ойын барысында белгісіз тұлғамен WhatsApp мессенджері арқылы хат алысып танысады.
Өзін «SSE CIS» компаниясының өкілі ретінде таныстырған алаяқ криптовалютаға инвестиция салуды ұсынып, бірнеше күннен соң жоғары табыс түсетініне сендірген.
Көп ойланбастан жәбірленуші олар көрсеткен есепшотқа 1 миллион теңге аударып жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз Бірнеше күннен кейін уәде етілген дивиденд түспеген соң өзінің алаяқтардың құрбаны болғанын түсініп, полицияға арызданған.
Қазір Қылмыстық Кодекстің «алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?
Полицейлер мессенджер арқылы жазысқан хаттарды тексеріп, күдікті тұлғаны анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатыр.
Осыған дейінгі ескертулерге қарамастан тұрғындардың алаяқтарға алдануы тыйылар емес.
Читать полностью
Читать новость