Криштиану Роналду спорттық мансабын қашан аяқтайтынын айтты

03.11.2025

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Әлем футболының жарық жұлдызы Сауд Арабиясы Про-Лигасы 7-турындағы «Аль-Фейх» (2:1) командасымен кездесуден кейін алдағы мақсаты жөнінде пікірін білдірді.

— Бұл — мен үшін де, бүкіл команда үшін де керемет кеш. «Аль-Наср» жеңді, мен екі гол соқтым, бұл — өте маңызды. Әрқашан спорттық салада ұзақ ойнауға тек құштарлықтың арқасында қол жеткізуге болатынын айтамын. Мен футболды жақсы сезінемін. Сондықтан спортық мансабымды жақын уақытта тоқтатпаймын. Жасыл алаңдағы өнерімді әлі де жалғастырғым келеді, - деді ол.

Португалиялық футболшы Про-Лигада жеті кездесуде 8 гол соғып үлгерді. Ол 2023 жылдан бері «Аль-Наср» сапында 84 кездесуде 82 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді.

Айта кетсек, Роналду әлем чемпионатының іріктеу матчтарында барлығы 41 гол соғып, жаңа рекорд орнатты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью