Куәгерлер Алматыдағы Esentai City де жарылыс болғанын хабарлады: кадрлар пайда болды

22.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматыдағы Esentai City тұрғын үй кешені аумағында жарылыс болды. Бұл туралы куәгерлер айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Оқырмандар редакцияға оқиға орнынан видео жолдады. Олардың сөзінше, жарылысқа газдың тарауы себеп болуы мүмкін.

Редакция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне жүгінді.

Жарылыстың себебі, зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат нақтыланып жатыр.

Әкімдік не деді?

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұған табиғи газдың тарауы себеп болуы мүмкін.

"22 қазанда Алматының Медеу ауданындағы Қаппаров көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды, өрт шықққан жоқ. Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған екі бала жеңіл жарақат алған. Оларды тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберді. Балаларды ауруханаға жатқызу қажет болмады", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ қазір жауапты қызметтер оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтап жатқаны нақтыланды.

Еске салайық, бұған дейін полиция департаменті Шымкенттегі бес қабатты үйлердің біріндегі пәтерде екі баланың қаза болуына қатысты алдын ала болжамды себепті жариялаған болатын. Полиция мәліметінше, балалардың өліміне иіс тиіп улану себеп болған.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью