Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ел соңғы онжылдықтардағы ең ауыр дағдарыстардың бірін бастан кешіріп жатыр.
Венесуэла енді Кубаға мұнай жеткізбейді. Куба экономикасының күретамыры кесілді, салдарынан социалистік мемлекет тұншығып барады.
Кубалықтардың күнделікті өмірі қараңғылыққа енді. Электр қуатынсыз зауыттар, мектептер мен ауруханалардың қалыпты жұмысы мүмкін емес, ал туризм саласы — Кубаның соңғы ірі табыс көзі — құлдырап барады. Әуе компаниялары рейстерді тоқтатып жатыр, авиаотын тапшылығы сезіліп отыр.
Жақын арада азық-түлік те таусылуы мүмкін деген қауіп бар, мұндай жағдайда халық көтеріліске шығуы ықтимал.
Айта кетелік Куба жанармай тапшылығына байланысты сигара жәрмеңкесін кейінге қалдырған еді.