Кубадағы дағдарыс: 3 ай бойы мұнайсыз қалған елде электр энергиясы толығымен өшті

17.03.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Кубада электр энергиясы толығымен өшіп қалды. Бұл жағдай АҚШ тарапынан мұнай жеткізілімдері тоқтағаннан кейінгі алғашқы ірі энергетикалық дағдарыс ретінде бағаланып отыр. Елдің энергетикалық компаниясы электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Depositphotos.com

Еске сала кетейік, биыл қаңтар айында Дональд Трамп Венесуэла мұнайын Кубаға жеткізуге тыйым салған болатын. Кейінірек АҚШ-тың қысымымен Мексика да аралға мұнай экспортын тоқтатты. 13 наурызда Куба президенті Мигель Диас-Канель елге мұнай жеткізілмей отырғанына үш ай болғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, Куба билігі АҚШ-пен келіссөздер жүргізіп, екіжақты мәселелерді талқылауға тырысқан. Алайда нақты нәтижелер туралы ақпарат жарияланған жоқ.

Куба шекарасындағы атыстан 4 адам қаза тапты

Соңғы жылдары Кубада жарықтың өшуі жиілеп кеткен. Ресми билік мұны АҚШ енгізген экономикалық санкциялармен байланыстырса, сарапшылар елдегі ескірген энергетикалық инфрақұрылым мен инвестицияның тапшылығын басты себептердің бірі ретінде атайды.

Куба электр энергиясын өндіруде негізінен мұнайға тәуелді. Ресми өкілдердің айтуынша, отын жеткізілімдерінің іс жүзінде тоқтауы энергетикалық дағдарысты одан әрі ушықтырды. Бұл өз кезегінде жарықтың жиі өшуіне, дәрі-дәрмек тапшылығына және туризм ағынының төмендеуіне әкелген.

Сонымен қатар елде жанармай бағасы күрт өскен. Бейресми нарықта бір көліктің багын толтыру құны 300 долларға дейін жетеді.

Ал АҚШ билігі бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.

Мексикада атышулы қылмыстық топтың жетекшісінің қазасынан кейін жаппай тәртіпсіздік басталды

Соңғы жаңалықтар

Көктемнің лебі сезіледі: Оңтүстікте 20 градусқа дейін күн жылынады

Ауа райы • Бүгін, 10:28

Шаңырақ күні: Бүгін елордада қандай іс-шаралар өтеді?

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Қай өңірлерде жол жабық тұр?

Ауа райы • Бүгін, 09:52

Ормұз бұғазы: Иран шарт қойды, әлем энергетикасы алаңдаулы

Саясат • Бүгін, 09:44

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:40

Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

Спорт • Бүгін, 09:31

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Ипотека • Бүгін, 08:55

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,15 пайыз

Референдум • Бүгін, 08:48

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Тәуелсіз байқаушылар: Елдік шара заңнама талабына сай

Референдум • Бүгін, 08:43

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз

Мереке • Бүгін, 08:38

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью