Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ұлттық олимпиадалық комитеттің хабарлауынша, бұл шешім Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы VI жағажайдағы Азия ойындары аясында өткен АОК Атқарушы комитетінің отырысында қабылданды.
Кудрәт Шамиев 2029 жылғы қысқы Азия ойындарына дайындық пен оны өткізу жұмыстарын үйлестіреді. Сондай-ақ Алматыдағы жарысты ұйымдастыруға қатысты АОК құрылымдарымен өзара байланыс орнатуды қамтамасыз етеді.
Айта кетейік, ол Қазақстан таеквондо федерациясының президенті, Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті Атқарушы комитетінің мүшесі әрі Altaic Taekwondo Union ұйымының жетекшісі.
Бұған дейін «Ертіс» футбол клубына жаңа директор тағайындалғанын хабарлаған едік.