Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Маңғыстау облысында күйеуінен материалдық көмек ала алмаған әйел сот арқылы өзіне алимент өндіріп алды, деп хабарлайды облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.
Тараптар 2024 жылы некеге тұрған. Олардың ортақ кәмелетке толмаған баласы бар. 2026 жылы сот бұйрығымен жауапкерден баланы асырауға алимент өндірілген. Қазіргі уақытта ерлі-зайыптының некесі заңды түрде бұзылмаған.
"Талап қоюшы сотқа жүгініп, жауапкердің өз еркімен материалдық көмек көрсетпейтінін айтқан. Осыған байланысты 2025 жылы туған баласы үш жасқа толғанға дейін өзін асырауға алимент өндіруді сұраған", – делінген сот хабарламасында.
Сот талап қоюшының талабын негізді деп таныды. Нәтижесінде ер адам әйеліне ай сайын 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелді.
Сот шешімі заңды күшіне енді.