Күйеуім ерекше сыйлық берді : Баян Алагөзова бағалы бұйымын көрсетті

13.05.2026

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Продюсер Баян Алагөзова жолдасы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов сыйлаған бағалы бұйымды көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.  

Продюсер әлеуметтік желідегі парақшасында әшекей бұйымды қолына тағып көрсетті. Айтуынша, ол алтыннан жасалған. Ол махаббат пен байлықтың нышаны екенін атап өтті.

Сонымен қатар мұндай сыйлықты бірінші рет алып тұрғанын жасырмады.

«Достар, бүгін ұйықтай алмай жатырмын. Жолдасым маған ерекше сыйлық жасады. Бұл бұйымды менің сүйікті зергерім жасаған. Бесбілезік. Мұндай керемет дүниені бұған дейін көрмеппін. Қатты ұнап тұр. Бұл бұйым ешкімде жоқ, арнайы жасалған», – деді Баян Алагөзова.

Бұл көрініс желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью