Күйеуін құтқарамын деп өлтіріп алды сот қазақстандық әйелді босатты

15.04.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Абай облысында күйеуіне шабуыл жасаған ер адамды ұрып өлтірген әйелге қатысты іс қайта қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай облысында күйеуіне шабуыл жасаған ер адамды ұрып өлтірген әйелге қатысты іс қайта қаралды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот мәліметінше, оқиға 2024 жылғы шілдеде болған. Іс материалдарына сәйкес, әйел күейуін құтқармақ болып, оны тұншықтырып жатқан ер адамға ағаш сынығымен бір рет қатты соққы жасаған. Сол сәтте шабуыл жасаушы оның күйеуінің мойнын аяғымен басып тұрған. Алған жарақат салдарынан шабуыл жасаушы көз жұмды.

Бірінші сатыдағы сот әйелді абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру бабы бойынша кінәлі деп танып, 6 жыл бас бостандығынан айырған. Сонымен қатар, одан моральдық зиянды өтеу ретінде 3 миллион теңге өндірілген. Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды.

Кассациялық шағымда қорғаушы тарап оқиға әйелі күйеуін шабуылдан қорғау кезінде болғанын көрсетіп, әрекеттерін неғұрлым жеңіл бапқа қайта саралауды сұраған.

Кассациялық сот оның өз күйеуін қорғау мақсатында әрекет еткенімен келісті. Алайда сот ол бастан ауыр затпен соққы жасау арқылы қажетті қорғаныс шегінен асып кетті деген түйінге келді.

Бұл ретте сот жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жасаған ісіне өкінуін, кәмелетке толмаған баласының болуын, III топтағы мүгедектігін, сондай-ақ оқиғаға себеп болған жәбірленушінің өзiнің құқыққа қайшы мінез-құлқын ескерді.

Нәтижесінде іс жеңілірек бапқа қайта сараланып, оған 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл мерзімді әйел толық өтеп қойғандықтан, ол сот залынан босатылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью