Күймен көмкерілген маусым

04.07.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Маусымның жабы­­луын­да халқымыздың рухани қазынасы саналатын күйлер мен әндер орындалып, ұлттық музыка өнерінің бай мұрасы насихатталды.

Кеште ұлттық оркестр­мен бірге Ха­лық әртісі Рамазан Стам­ғазиев, халықаралық және республи­калық байқаулардың лауреаттары Нұрғалым Аман­бай, Жайна Бауыржанқызы, Нұр­сұл­тан Өтеген, Сәбира Биба­тырова сынды әртістер өнер көрсетті. Оркестрге бас дири­жер, «Құрмет» орденінің иегері Абылай Тілепберген, Қазақ­станның еңбек сіңірген қайраткері Жексен Айсын, халықаралық әрі республика­лық байқаулардың лауреаты Нарын Қажғали жетекшілік етті.

92-концерттік маусым аясында Ұлттық оркестрдің шығармашылық қызметі жаңа серпінге ие болды. Көрерменге жаңа концерттік бағдарламалар ұсынылып, ел ішінде және шетелде гастрольдік сапарлар өткізілді. Концертік кезеңде ұлттық музыка өнерін дәріптеуге арналған ауқымды жобалар жүзеге асырылды.

Маусым барысында ұлттық өнерге деген қызығушылықтың жоғары деңгейі байқалды. Көрерменнің ыстық ықыласы мен шынайы қолдауы 92-кон­церттік маусымның әрбір сәтіне ерекше мән мен мазмұн сыйлады.

Калима ТЕМІР,

Л.Н.Гумилев атындағы ­­­­­­­ЕҰУ студенті

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью