Күмәнді интернет ресурстар бұғатталды

22.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алматыда алаяқтыққа қатысы бар 17 мыңнан аса интернет-ресурс бұғатталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті хабарлады. Алаяқтар өтірік сайт пен, интернет-дүкен ашып, «жұмыс» немесе «инвестиция» деген желеумен азаматтарды ақша табуға үгіттеген.

«Кибер-қадағалау» ақпараттық жүйесінің көмегімен зиянды контенті бар ресурстарға тосқауыл қойылды. Мамандардың айтуына қарағанда, дропперлер де айылын жыймай тұр. Кейбір азаматтар білместіктен ұрынса, кейбірі саналы түрде алаяқтарға көмектесіп арам жолмен ақша тауып жүр. Былтыр дропперлер арқылы 2,5 миллиард теңге қолды болған. Жан-жақты күрес нәтижесінде оның 700 миллионнан астамы иелеріне қайтарылды. Дропперлік үшін елде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Еркебұлан Қойшыбаев, Алматы қаласы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары:
- Біз 4 азаматты ұстадық. Олар дропперлер болып табылады. Дропперлер олар интернет алаяқтарға көмектесуші тұлғалар. Интернет алаяқтардан алған тапсырмасы жәбірленушілерден ақшаны алып кету болып табылған. Қазіргі уақытта үш эпизод анықталды оларға қатысты. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью