Күн күркіреп, бұршақ жауып, дауыл тұрады: Астана мен Алматыдағы 19 21 тамызға арналған ауа райы болжамы

18.08.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

"Қазгидромет" синоптиктері Алматы мен Астана бойынша 19, 20 және 21 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астана тұрғындарын алдағы күндері ауа райының күрт өзгеруі күтіп тұр: жаңбыр мен найзағай болады, ал 20 тамызда бұршақ жауып, екпінді жел соғады. Алматыда бұл уақытта жазғы жылы ауа райы сақталады - ауа температурасы +34 градусқа дейін көтеріледі.

Астанадағы ауа райы

19 тамыз елордада көшпелі бұлтты. Таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +9...+11, күндіз +22...+24 градус болады.

20 тамызда күн райы тұрақсыз болады. Кей уақытта жаңбыр мен найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде температура +8...+10 градусқа дейін төмендейді, күндіз +19...+21 градус жылы болады.

21 тамызда Астанада көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +8...+10 градус, күндіз +23...+25 градус болады.

Алматыдағы ауа райы

19 тамызда Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +32...+34 градус.

20 тамызда синоптиктер көшпелі бұлттыты, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағайды болжайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Түнде +18...+20, күндіз +31...+33 градус болады.

21 тамызда Алматыда көшпелі бұлтты. Күндіз қысқа мерзімді жаңбыр мен найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, күндіз екпіні секундына 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32 градус болады.

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда жақын күндері ауа райы күрт өзгеретінін айтқан болатын: елдің басым бөлігінде найзағайлы жаңбыр, күшті жел және кей жерлерде бұршақ күтіледі. Сонымен қатар, батыста +41 градусқа дейін аптап сақталады, ал солтүстікте күндізгі температура +17...+22 градусқа дейін төмендейді. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью