Күн сайын 7 мың қадам жүру денсаулыққа айтарлықтай пайда әкелуі мүмкін

30.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ғалымдардың зерттеуінше, тәулігіне 7 мың қадам жасаудың өзі бірқатар аурудың қаупін төмендетумен байланысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

2025 жылы The Lancet Public Health ғылыми журналында жарияланған зерттеуде 57 ғылыми жұмыстың нәтижесі талданған. Ғалымдар күн сайын 2 мың қадам жүретін адамдармен салыстырғанда, 7 мың қадам жасайтындар арасында мезгілінен бұрын қайтыс болу қаупі 47 пайызға төмен екенін анықтаған.

Сонымен қатар зерттеуде жүрек-қан тамырлары аурулары, деменция және депрессия белгілерінің пайда болу қаупі де төмен болған. Дегенмен ғалымдар бұл нәтижелер жаяу жүру аталған аурулардың алдын алатынын тікелей дәлелдемейтінін атап өтеді.

Зерттеушілердің қорытындыынша, денсаулықты жақсарту үшін күнделікті қозғалысты біртіндеп көбейтудің өзі пайдалы. Әсіресе, күні бойы аз қозғалатын адамдар үшін бірнеше мың қадам қосу маңызды болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью