Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 4, 5 және 6 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда 4, 5 және 6 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Астанадағы ауа райы болжамы4 маусымда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +26...+28 градус.
5 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16 градус, күндіз +28...+30 градус.
6 маусымда құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +15...+17 градус, күндіз +26...+28 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы4 маусымда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, түнде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +29...+31 градус.
5 маусым құбылмалы бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр, найзағай. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде +18...+20 градус, күндіз +28...+30 градус.
6 маусымда құбылмалы бұлтты, өткінші жаңбыр, найзағай. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде +17...+19 градус, күндіз +26...+28 градус.
Аптап және нөсер: Қазақстанда ауа райы күрт өзгередіБұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райының құбылмалы сипаты сақталатынын хабарлаған болатын: найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, сондай-ақ бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін. 4 маусымда еліміздің батыс өңірлерінде, 4-5 маусымда солтүстік-батыста және солтүстікте, 6 маусымда республиканың оңтүстік-шығысында нөсер күтіледі. Толығырақ осы жерден оқыңыз.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
Қазақстанда 2026 жылдың жазы қандай болады: синоптиктер болжамы
Аптап пен нөсер: Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу