Күн салқындайды : алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

14.08.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

АСТАНА, 14 тамыз — Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

15-17 тамыз күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін.

15 тамызда Қостанай облысында, 15-16 тамызда Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, 16 тамызда Павлодар облысында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

"Тек еліміздің батысында және Қызылорда облысында ауа райы жауын-шашынсыз болады", — дейді синоптиктер.

Бұдан бөлек, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстікте күн салқындайды

Алдағы демалыс күндері Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы төмендейді. Түнде +15...+20 градустан +7...+12 градусқа дейін, ал күндіз +20...+30 градустан +15...+20 градусқа дейін салқындайды.

Ақмола және Павлодар облыстарында түнгі ауа температурасы +15...+20 градустан +10...+15 градусқа дейін, күндіз +30...+35 градустан +17...+25 градусқа дейін төмендейді.

Аптап ыстық қайтады

Қазақстанның орталық және шығыс өңірлерінде қатты ыстықтың беті қайтады. Алдағы күндері ауа температурасы +23...+33 градус болады.

Оңтүстікте күндізгі ауа температурасы +38...+44 градустан +30...+37 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік-шығыста да осындай ауа райы болады.

Батыста күндіз ауа температурасы +18...+26 градустан +25...+33 градусқа дейін көтерілсе, Ақтөбе облысында +20...+30 градус жылы болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью