Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Алматы қаласында «Boxy Wealth» қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету дерегі бойынша тергеу аяқталды. Ұйымдастырушылар сенімді азаматтардан 110 миллион теңге тартып үлгерген.
Тергеу барысында күдіктінің бір жыл бойы Алматы қаласы аумағында осы жобаның құрылымдық бөлімшесін басқарғаны анықталды. Қаржы пирамидасы «www.boxywealth.com» интернет-ресурсы және мессенджерлер арқылы жұмыс істеген. Соның ішінде «Күнделікті табыс» чатында бастапқыда халық тұтынатын тауарлар туралы ақпарат таратылып, кейін азаматтарды инвестициялық платформаға тартылған.
Жобаның жүйесі қалай жүргізілген?
Қатысу үшін пайдаланушыларға түрлі пакеттердің бірін сатып алып, күн сайын жарнамалық материалдарды қарау ұсынылған. Бұл ретте тәулігіне 5%-дан 10%-ға дейін табыс уәде етілген. Сонымен қатар жаңа қатысушыларды тартқаны үшін бонус берілетін рефералдық жүйе жұмыс істеген.
«Қаражаттарды қабылдау жеке тұлғалардың (дропперлердің) банк шоттары арқылы жүргізіліп, кейін P2P операциялар арқылы криптовалютаға аударылған», - деп анықтады Қаржы монирогингі агенттігі.
Сенім қалыптастыру мақсатында компания тіркеліп, кеңсе ашылған, жарнамалық жұмыстар жүргізілген, «табыс» көрсеткіштері көрсетіліп, салымшыларға кеңес беру ұйымдастырылған.
Тергеу нәтижесі
78 жәбірленуші қаржы пирамидасына 110 млн теңгеден астам қаражат салған.
Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның Алматы қаласындағы жер учаскесіне тыйым салынды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Бүгін, 09:53