Күнімхан әженің қыл шылбыры

21.03.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Шалқар қаласының жасы үлкен тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Күнімхан Үргенішбаева — он саусағынан өнер тамған ісмер әжелердің бірі. Кезінде қолөнерге пай­даланған құрал-саймандары бүгінге дейін ұқыптылықпен сақталып, немере-шөберелеріне мирас болып отыр.

Күнімхан әже – екі ғасыр куәгері. Сондықтан да әр сө­зін сабырмен бастап, бүгінгі бейбіт заманға шүкіршілік айтумен отырады. Төскейдегі Ырғыз өлкесінде дүниеге келген кейіпкеріміздің әкесі Кәдір Әлдебергенов өз дәуірінде ұстаздық жолды таңдаған, көзі ашық аза­мат­тардың бірі болған екен. Өкінішке қа­рай, 1937 жылы репрес­сияның қатыгез құрығына ілігіп, тар қапасқа қамалып, өмірден өтеді.

Әкеден ерте айырылған Күнімхан анасы Бибіжанның тәрбиесінде өсіп, тағдырдың ауыртпалығын мойымай кө­тереді. Бұғанасы бекімей жатып, түздегі еңбек майданына араласып, шыңдалады. Есейе келе Шалқар өңірінің тумасы Сидақ Үргенішбаев­пен отау құрып, екеуі Тоғыз кеңшарында ұзақ жыл бойы мал бағып, адал еңбектерімен аға шопандыққа дейін же­теді. Кеңшардың тынымсыз тіршілігімен қатар Күнімхан әже үйде қол­өнер­мен де айналысады. Термелі алаша, ши тоқып, қалауыш киіз басып, тұрмысқа қажетті бұйымдардың көбін өз қолы­мен жасайды.

Өткен ғасырдың орта ше­нінен ауа Сидақ ақсақал екеуі аудан орталығы Шалқарға қо­ныс аударады. Жылдар бойы кеңшар малының соңында қыстау мен жайлаудың арасында көшіп-қонып жүрсе де жанына жақын іс-құралдарын ешқашан тастамаған. Сол жинақылығының арқасында бүгінге дейін жеткен бұйым­дары қара шаңырағына ескі­ліктің көзіндей сән беріп тұр. Үлкен тас диірмен, келі мен келсап, тоқылған ши-шытпалар, өрнекті киіздер – бәрі де қарт ананың он саусағының табын сездіреді.

Солардың қатарындағы жыл­қының жалы мен құйрық қылынан есілген қыл шылбыр ерекше назар аудартады. «...Қайраты оның – қыл шыл­­быр, қырқылмайтын – бір шынжыр» деп Фариза ақын төзімділігін жырға қос­қан қыл­дан есілген арқан-жіп қа­зір­гі тұрмыста сирек кездеседі.

Этнографиялық деректерге сүйенсек, қыл шылбыр­дың салттық өмірімізде де, көшпелі дала мәдениетінде де маңызы жоғары. Жылқы қылынан есіл­ген шылбыр ертеден мал­ды байлауға, жетектеуге арнал­ған өте берік әрі төзімді бұ­йым ретінде бағаланған. Таза қылдан есіл­ген арқан-шылбыр созылмайды, ылғалға да, күннің ысты­ғына да төзімді келеді.

– Бұрын күнделікті мал ша­руашылығына қажет бол­ғандықтан, жыл­қының жалы мен құй­рық қылы­нан жіп есіп ала беретін­біз. Оны бірақ кез келген шаруаға қолдан­байды, көбіне ат әбзелдеріне пайдаланады. Қылға қойдың не­месе түйенің жүнін қо­сып, атқа ноқта, шыл­быр жаса­ған, түйенің бұйда­сына пайда­лан­ған, арқан-жіп ескен. Негізі­нен қыл шылбыр ұстау – ер-азамат үшін үлкен мәртебе болған. Бұрын үлкендеріміз атпен жолға шыққан жолаушыны қыл шылбыры бәле-жаладан қорғайды деп айтатын. Далаға түнегенде адам өзін айналдыра қыл шылбырмен қоршап тастаса, жылан, т.б жәндіктер жоламайды дейтін, – дейді қарт ана.

Қыл арқан есу үшін алды­мен адамға ептілік керек. Әр қылды бір-бірімен ұштас­тырып ұзартып, жеке өрім етіп ширатып алу төзімді талап етеді. Соңында сол шира­тыл­ған үш-төрт тілше, жіп тәрізді біріктіріліп, есіледі.

 – Мына он құлаш шылбырды ескеніме көп уақыт бола қойған жоқ. Алдымен тілше жіптерін ширатып алып, оны немерелеріме ұстатып қойып, есіп шықтым, – дейді кейуана.

Тоқсанды еңсерген Күнім­хан әже бүгінде алтын құр­сағынан өрбіген 10 баласынан 25 немере, 49 шөбере, 3 шөп­шек сүйіп отыр. Мәуелі бәйтеректей жапырағы жа­йыл­ған ананың жеке төл­құжаты оның 1928 жылы дүниеге келгеніне куәлік етеді. Ғасыр жасаған қарт ананың қайраты кемігені­мен, зердесі сол қалпында сақ­­талған. Ақ жаулықты кейуа­на әңгімесін әріден бастап, өт­кен­нің өнеге­лі сырларын тол­ғай жөнеледі.

Дәуірлер сапырылысып, ке­зеңдер алмасқанымен, ұлт­тық дәстүр мен әдет-ғұрып­тар халық санасынан өш­пеу­ге тиіс. Осы тұрғыдан ал­ған­да Күнімхан әженің ұзақ жыл бойы сақтап келген бұйым­дарына бүгінде немересі Арай­лым Серікқызы жаңаша реңк беріп жүр. Фотостудия ісін қолға алған немере әжесі қолданған бұйымдар мен қол­өнер туындыларын шағын студиясына декорация ретінде орна­ластырып, ескілік пен жаңа­­шылдықты заманауи фо­то­өнер арқылы үндестіріп келеді.

Мұхтар МЫРЗАЛИН,

өлкетанушы 

 

Ақтөбе облысы,

Шалқар қаласы

Соңғы жаңалықтар

Сыр өңірінің балалары Алматы чемпионатында топ жарды

Аймақтар • Кеше

Ақтүтек боран кезінде адамдарды құтқарған мұғалім төсбелгімен марапатталды

Марапат • Кеше

Талдықорғанда зейнеткер 5 келіден астам есірткімен ұсталды

Есірткі • Кеше

Алматыда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Аймақтар • Кеше

Президент Әкімшілігінің бірқатар қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды

Марапат • Кеше

Дзюдошы Нұрқанат Серікбаев Грузиядағы Grand Slam турнирінің чемпионы атанды

Спорт • Кеше

Дзюдодан Грузиядағы Grand Slam турнирі: Талғат Орынбасар қола жүлдегер атанды

Спорт • Кеше

Президенттің атына Ораза айт мерекесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент • Кеше

Әсет Матаевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Қоғам • Кеше

Алакөлге пойыз және әуе билеттері қашан сатыла бастайды?

Туризм • Кеше

Ғылым, білім және Конституция: Қазақстанның жаңа бағытының үш тірегі

Президент • Кеше

Шымкентте DamDastour халықаралық гастрономия фестивалі өтеді

Аймақтар • Кеше

Владимир Путин Мемлекет басшысын референдумның табысты өтуімен құттықтады

Президент • Кеше

Екібастұзда құмар ойындарға қатысқан мемлекеттік қызметшілер анықталды

Қоғам • Кеше

Қостанай облысында полицейлер мұз астына түсіп кеткен екі балықшыны құтқарды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью