Күніне 76 ата ана жауапқа тартылады

05.11.2025

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Елімізде күн сайын 76 ата-ана өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова балалар арасындағы құқықбұзушылықтарға қатысты көшпелі өңірлік кеңес отырысында айтты, деп жазады Egemen.kz.

Жиында сөз алған министр министр балалардың тәрбиесіне қатысты ата-аналардың жауапкершілігін күшейту қажеттілігіне де басымдық берді.

«Ресми статистикаға сүйенсек, күн сайын 76 ата-ана өз міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады, ал 395 ата-ана балалардың түнде үйде болуын қадағаламайды. Бұл көрсеткіштер баланың ата-ана назарынан тыс қалғаны туралы нақты дабыл. Ата-аналармен жұмыс ерекше назар аударуды қажет етеді. Мониторинг ата-аналардың педагогикалық қолдау орталықтарының қызметіне қатысу белсенділігінің төмендігін көрсетті», деді Ж.Сүлейменова.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью