Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
"Қазгидромет" 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығына арналған Астана мен Алматы қалаларының ауа райы болжамын ұсынды. Екі мегаполисте жаздың соңғы күндері мен күздің алғашқы күні қандай ауа райы болады? Tengrinews.kz материалында.
Астанадағы ауа райы
30 тамызда күн бұлтты болады, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +8...+10, күндіз +14...+16 градус болады.
31 тамызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4 градус болады, топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +12...+14 градус шамасында болады.
1 қыркүйекте күн бұлтты болады. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +3...+5, күндіз +13...+15 градус болады.
Алматыдағы ауа райы30 тамызда күн бұлтты, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел кейін солтүстік бағытқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +31...+33 градус болады.
31 тамызда күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +28...+30 градус болады.
1 қыркүйекте күн бұлтты болады, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, кей уақытта екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +21...+23 градус болады.
Бұған дейін 30 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының күрт бұзылатыны хабарланған болатын. Синоптиктер найзағай, қатты жел, бұршақ, тұман және дауыл күтілетінін, сондай-ақ кей өңірлерде алғашқы үсік жүруі мүмкін екенін ескерткен.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу