Күнтуған, Айтуған және Нұртуған: Астанада үшем 1 сыныпқа қабылданды

30.05.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 29 мамыр – Sputnik. Астана қаласында Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейіне үшем құжат тапсырып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Күнтуған Бақыт, Айтуған Бақыт және Нұртуған Бақыт қазақ тілінде білім алмақ. Бір үйдің үш перзентінің мектеп табалдырығын қатар аттауы – отбасы үшін де, білім ордасы үшін де ерекше қуанышты сәт.

"Құлыншақтарымыздың қадамдары құтты болып, білім жолында биік белестерді бағындырсын. Елін сүйетін, тәрбиелі әрі білімді азамат болып өссе екен дейміз", – дейді ата-аналары.

Айта кетері, Астана қаласы бойынша бірінші сыныпқа құжат 27 мамыр бен 31 тамыз аралығында қабылданады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью