Курчатовта мас әйел тұрақта тұрған көлікті соққан

25.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Курчатовта мас әйел тұрақта тұрған көлікті соққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, әйел мас күйінде күйеуіне тиесілі автокөліктің рөліне отырып, тұрақта тұрған көліктерді соққан. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Жол апатынан кейін қатысушылар медициналық мекемеге сараптамаға жеткізілді. Тексеру нәтижесі әйелдің орташа деңгейде мас болғанын көрсетті.

Полиция анықтағандай, автокөлік иесі – әйелдің күйеуі де мас болған және көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамға берген.

Екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды. 

Абай облысының полиция департаментінде мас күйде көлік жүргізу, сондай-ақ рөлді жүргізуші куәлігі жоқ адамға беру өрескел құқық бұзушылық екенін және ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін еске салды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью