Курчатовта жүргізуші куәлігі жоқ мас әйел жол көлік оқиғасына себеп болды

25.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, әйел адам алкогольдік масаң күйде бола отырып, жұбайына тиесілі автокөлікті басқарған және тұрақта тұрған көліктерді соққан. Оқиғадан кейін қатысушылар медициналық мекемеге жеткізіліп, сараптамадан өтті.

— Сараптама қорытындысына сәйкес, әйел орташа дәрежеде мас күйде болған. Сонымен қатар, көлік иесі — құқық бұзушының жұбайы — да мас күйде болғаны және көлікті жүргізуші куәлігі жоқ адамға басқаруға бергені анықталды. Аталған факті бойынша құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материалдар заңда белгіленген тәртіппен қарау үшін сотқа жолданды. Абырой болғанда, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ, — дейді тәртіп сақшылары.

Абай облысы Полиция департаменті ескертеді: мас күйде көлік жүргізу және рөлді жүргізуші куәлігі жоқ адамға беру — заңды өрескел бұзу, ол ауыр салдарға әкелуі мүмкін.

Осыдан бұрын Павлодарда мас күйде әрі куәліксіз көлік жүргізген жасөспірім ұсталғанын жаздық.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью