Күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан шикізаттық емес сектор бәсекеге қабілеттілігін көрсетті Бектенов

14.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

— Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сапалы әрі орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз етуді тапсырды. Бұл міндет өңдеу өнеркәсібін дамыту, инвестициялық белсенділікті арттыру, өндіріс орындарын технологиялық жаңғырту арқылы іске асырылуда. Бүгін біз осы жылдың бірінші тоқсаны бойынша еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен республикалық бюджеттің атқарылу барысын қараймыз, — деді Үкімет отырысынан ашқан Олжас Бектенов.

Премьер-министрдің атап өтуінше, аталған кезеңде жалпы ішкі өнім нақты 3 пайызға өсті.

— Бұл көрсеткіш шикізаттық емес секторда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі көлік, құрылыс, сауда салаларындағы орнықты өсім есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек. Күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан осы шикізаттық емес сектор өзінің тұрақтылығымен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр, — деді Үкімет басшысы.

Айта кетейік, Үкімет 3 айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарап жатыр. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью