Курьер әйелдің отбасы ұсынылған көмектен бас тартқан

25.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Оның айтуынша, жарияланым тарағаннан кейін Алматы қаласының әлеуметтік қорғау басқармасы отбасы мүшелерімен кездесіп, оларға жұмысқа орналасуға қатысты көмек ұсынған. Алайда отбасы ұсынылған көмектен бас тартып, өз еркімен Шымкентке көшкен.

Вице-министрдің сөзінше, қазіргі уақытта олар бұрынғыдай ата-аналарымен бірге тұрып жатыр.

Журналистер мемлекеттік органдардың курьер әйелдің туыстары мен несие міндеттемелері туралы мәліметтерді жария етуінің заңдылығын да сұрады.

Ербол Тұяқбаев жеке сәйкестендіру нөмірі, аты-жөні немесе нақты жұмыс орны секілді дербес деректер жарияланбағанын айтты. Оның айтуынша, туыстарының қызмет саласы отбасының әлеуметтік жағдайын бағалау мақсатында ғана аталған.

«Бұл отбасының жағдайы жақсы дегенде, олардың бай немесе аса ауқатты екенін меңзеп отырған жоқпыз. Әңгіме цифрлық отбасы картасы бойынша орташа деңгейдегі отбасы туралы болып отыр», деді ол.

Алматыда сәбиімен курьер болып жүрген әйелдің атынан алаяқтар ақша жинаған

Сондай-ақ вице-министр отбасы мүшелерінің несиесі туралы ақпаратты жариялауда заң бұзушылық жоқ деп есептейтінін жеткізді. Оның сөзінше, нақты қандай несие екені және қай банктен алынғаны айтылмаған, тек отбасыда несие бар екені ғана көрсетілген.

Еске сала кетейік, осы жағдайға байланысты Үкімет отырысында Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Асқар Ертаев ресми пікір білдіріп, отбасының шынайы жағдайын баяндаған еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью