Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Қазақстан күрес федерациясының хабарлауынша, әйелдер күресінен 20 жасқа дейінгі додада Алматы қаласының спортшылары 5 алтын және 2 күміс медаль еншілеп жалпы есепте бірінші орыннан көрінді. Ал Түркістан обылысы мен Алматы обылысы үздік үштікті түйіндеді.
Әйелдер күресі (U20) жеңімпаз-жүлдегерлер:
45 келі
Ырысжан Таңатарова (Ақтөбе обл)
Еркежан Амангелді (Алматы қ)
Жасмина Бакоева (Павлодар обл)
Мария Шох (Қостанай обл)
50 келі
Медина Қуанышбек (Алматы обл)
Бимариям Сапарәлі (Түркістан обл)
Анэль Бүркітбаева (Павлодар обл)
Аққу Жарылқасынова (Қарағанды обл)
53 келі
Динара Дауылқызы (Астана қ)
Фарида Әбдірахманова (БҚО)
Гүлім Серік (Шымкент қ)
Арайлым Көпжасар (Түркістан обл)
55 келі
Сәния Солтанғали (Алматы қ)
Шадиена Ділмұратова (Алматы қ)
Дарья Сова (Павлодар обл)
Ангелина Герберт (Ақтөбе обл)
57 келі
Анна Стратан (СҚО)
Бибінұр Мағрұп (Алматы қ)
Іңкәр Сейітжан (Жетісу обл)
59 келі
Аида Әлжан (Алматы қ)
Аружан Бақытнұр (Жетісу обл)
Назерке Сандыбай (Шымкент қ)
Айжан Мұратбай (Қызылорда обл)
62 келі
Жайдар Мұқат (Алматы обл)
Жасмин Искандарова (Түркістан обл)
Балнұр Нұрла (Түркістан обл)
Аяжан Алдаберген (Жетісу обл)
65 келі
Жаныл Бекен (Алматы қ)
Нұрайым Сайахмет (Алматы қ)
Қызжибек Жарқынбаева (Астана қ)
Милана Талғат (Ақтөбе обл)
68 келі
Ұлдана Тілеухан (Алматы қ)
Шахизада Дәулетжан (Жетісу обл)
Рухһия Қизат (Алматы обл)
Сәбина Төрей (БҚО)
72 келі
Мейрамгүл Мақсот (БҚО)
Зейнеп Эламас (Түркістан обл)
Бағжан Құрманбай (Алматы обл)
76 келі
Меруерт Назарбаева (Түркістан обл)
Махаббат Тайғулинова (Абай обл)
Ұлпан Ихсанова (БҚО)
Ақбота Қадір (Түркістан обл)
Айта кетейік, 2026 жылғы 21 ақпан — 2 наурыз күндері аралығында Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгі және 20 жасқа дейінгі балуандар арасында Қазақстан чемпионаты өтеді.
Біріншілікке еліміздің барлық аймағынан 1200-ден астам балуан бақ сынап жатыр. Әр салмақ дәрежесінде үздік шыққан спортшылар Қазақстан құрамасының сапына қосылып, ресми чемпионаттарда ел намысын қорғайды.
Сонымен қатар, бұл чемпионатта отандық күрестің тарихында тұңғыш рет жүлдегерлерге сыйақы табысталып, жалпы жүлде қоры 60 млн теңгені құрап отыр.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, әйелдер күресінен 17 жасқа дейінгілер арасында ел чемпиондары анықталған болатын.
Сонымен қатар, Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингтік жарыста ел құрамасынан Зейнеп Баянова (50 келі) мен Лаура Алмағанбетова (55 келі) чемпион атанды.