Күш қолданып, қысым көрсеткен: заңсыз қарыз беріп, 2 миллиардқа жуық табыс тапқан күдікті әшкере болды

27.02.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет, күш қолдану арқылы өз бетінше әрекет ету және алаяқтық деректері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті заңсыз кәсіпкерлік қызмет, күш қолдану арқылы өз бетінше әрекет ету және алаяқтық деректері бойынша тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2013 жылдан 2025 жылға дейін күдікті тиісті лицензиясыз жеке және заңды тұлғаларға мүлік кепілдігімен пайызға жүйелі түрде қарыз беріп келген. Мәмілелерге заңды сипат беру үшін келісімшарттарда нақты берілген сомадан едәуір жоғары сома көрсетілген. Себебі құжатта алдын ала есептелген сыйақы қосылып отырған.

"Қарыздар бойынша ай сайынғы сыйақы мөлшері қарыз сомасының 5–10 пайызын құраған, бұл жылдық есеппен 60–120 пайызға тең. Сондай-ақ қарызды жасыру және оның қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында мүлікті сатып алу-сату туралы жалған шарттар рәсімделген. Заңсыз қызметтен түскен қылмыстық табыс 1,8 миллиард теңгеден асты", - делінген хабарламада.

Күдіктінің әрекеттерінен азаматтар зардап шеккен. Жедел қаржылай көмекке үміт артқан олар жоғары пайыздық мөлшерлемелер мен мүлкінен айырылу қаупіне тап болған. Күдікті қарыз алушыларды ақша немесе жылжымайтын мүлік беруге мәжбүрлеу мақсатында жүйелі түрде күш қолданып, психологиялық қысым көрсеткен.

Бұдан бөлек, күдікті сот процестерін бастамашылық етіп, 11 миллион теңге көлеміндегі бір қарызды әртүрлі құжаттар негізінде екі рет өндіріп алған. Міндеттеменің іс жүзінде орындалғаны туралы мәліметтер сотқа әдейі ұсынылмаған.

"Сот санкциясымен қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған жалпы құны 1,1 миллиард теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Тыйым салынған мүліктің қатарында 2 пәтер, 2 тұрғын үй, жер телімі, сондай-ақ LAND ROVER RANGE ROVER және HYUNDAI STARIA автокөліктері бар", - делінген ҚМА хабарламасында.

Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс сотқа жолданған.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью