Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05.11.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. АҚШ-тың Украинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі келіссөздердегі мақсаты – қақтығыстың қайта басталу қаупін біржола болдырмайтын кешенді қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру. Бұл туралы АҚШ президентінің күйеу баласы әрі арнайы өкілі Джаред Кушнер мәлімдеді.

"АҚШ президентінің тапсырмасы бойынша біз берік бейбітшілікке қол жеткізу жолын табу үшін барлық тараппен белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Біздің назарымыз осы сұрапыл соғысты тоқтатуға ғана емес, сонымен қатар әскери іс-қимылдар аяқталғаннан кейін олардың ешқашан қайта басталмауын қамтамасыз ету үшін қажетті кең ауқымды қауіпсіздік жүйесін қалыптастыруға бағытталған", – деп жазды Кушнер X әлеуметтік желісінде.

Ресей, АҚШ және Украина арасындағы үшжақты келіссөз 10–11 қараша күндері Әбу-Дабиде өтеді. БАҚ мәліметінше, АҚШ атынан келіссөзге Кушнермен бірге президенттің арнайы өкілі Стивен Уиткофф қатысады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью