Кувейт мұнай жеткізіліміне қатысты форс мажорды ұзартты Bloomberg

21.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Bloomberg хабарлауынша, Kuwait Petroleum Corporation мемлекеттік мұнай-газ холдингі клиенттерге Ормуз бұғазындағы жүк тасымалы қайта ашылуы жағдайының өзінде жеткізілімді тез арада қалпына келтіре алмайтынын және келісімшарт бойынша көлемді толық орындай алмайтынын хабарлады.

Ресурстың хабарлауынша, компания бұрын клиенттерге шикі мұнай мен мұнай өнімдерін жоспарлы жеткізу бойынша келісімшарттардың орындалуын шектейтін форс-мажорлық жағдайлар туралы хабарлаған. 

Холдингтің соңғы хабарламасы Парсы шығанағы елдерінен ресурстарды экспорттауға кедергі келтіріп отырған Ормуз бұғазының ұзақ уақыт бойы жабылуы аясында жасалды.

Осыған дейін Қатардың мемлекеттік Qatar Energy компаниясы сұйытылған табиғи газ (СТГ) өндірісінің тоқтатылуына байланысты форс-мажор жариялап, тұтынушыларға өз міндеттемелерін орындай алмайтынын туралы хабарлады

Сондай-ақ Shell мен TotalEnergies Қатар газын жеткізу бойынша форс-мажор жариялағанын жаздық

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью